7310 — ұялы телефоннан
KZ
7310
Қызметкерлер

Жазатайым жағдайдан сақтандыру

Жазатайым жағдайдан сақтандыру

Жазатайым жағдайды (ЖЖ) болжау немесе алдын ала ескеру оңай емес, дегенмен қандай да бір оқиға нәтижесінде жұмысшыңыз жарақат алып, емханада немесе үйде емделуіне тура келетіндей жағдай пайда болса, материалдық жағынан қамқорлық жасауды ойластырып қойған жөн.

Жұмысшылардың сақтандыру қорғанысы базалық пакеті — бұл «жұмысшылардың еңбек міндетін атқарудағы жазатайым жағдайдан міндетті сақтандыруы» (МС ЖЖ). Сақтандырудың аталған түрі бойынша төлем тек жазатайым жағдай жұмысшы өзінің қызметтік міндетін атқарып жатқанда және тек жұмыс уақыты кезінде орын алғанда ғана жүргізіледі. Көп жағдайда мұндай төлемдерге қол жеткізу үшін түрлі құжаттарды жинап, уақыт жоғалтуға тура келеді, ал төлемдер бөлініп төленеді, яғни бұл іс жыл бойына немесе бірнеше жылға созылады. Оның үстіне МС ЖЖ уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтуды қарастырмайды және Сақтандырылушының тек өлімі немесе мүгедектігі кезінде ғана жұмыс істейді.


Amanat СК жұмысшыларыңыз үшін жазатайым жағдайдан ерікті сақтандыру полисін ұсынады. Сақтандыру жұмысқа бару және жұмыстан қайту, іссапар секілді түрлі бағыттарды кеңінен қамтыған.,. Полис жұмыс уақытында да, тәулігіне 24 бойы да Сақтандырылушының қайда жүргеніне қарамастан қолданыста болады.

Amanat СК сақтандыру өтемақысын төлеу аздаған құжат пакетімен жылдам іске асырылады. Оның үстіне, егер жұмысшыларыңыз жазатайым жағдай немесе уланудан болған жарақат салдарынан жұмысқа шыға алмаса, біз оларға әр күнтізбелік күн бойынша еріксіз жұмыста болмағаны үшін өтемақы төлейміз. Яғни, жұмысшы Заңнамамен қарастырылған емделу өтемақысын алады, сонымен қатар Amanat СК-дан әр емделу күні үшін төлем алады! Ал төлем мөлшері 60 күнге дейінгі мерзіммен күніне 30 000 теңгеге жетуі мүмкін,– барлығы компанияңыз бекіткен сақтандыру лимитіне байланысты.

Өлім немесе мүгедектік дәрежесін тағайындау жағдайында жұмысшының жазатайым жағдайдан міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша төленетін төлемнен өзге сақтандырушы (немесе оның өкілі) ерікті келісім-шарт бойынша бір реттік төлем алады. Сіз өз бетіңізбен жұмысшылардың 10 жылдық жалақысына дейін жоғарғы сақтандыру лимитін бекіте аласыз.

Жазатайым жағдайдан өз мамандарыңызды және олардың отбасы мүшелерін сақтандыра аласыз. Amanat СК-да ересектерді де (17-ден 65 жасқа дейін), балаларды да (1 жастан) сақтандыруға болады.

Сіздің жұмысшыларға деген қамқорлығыңыз – бұл сіздің компанияға деген қамқорлығыңыз. Олардың ертеңгі күнге деген қорғанысы мен сенімділігін қамтамасыз етіңіз сонда олар сізге деген адалдығын, жұмысқа деген жоғары ынтасын білдіреді.


сақтандыру жағдайы?
Ұялы телефоннан 7310