«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ ұйымның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Компанияның жалғыз акционері Дінмұхамет Ыдырысовтың шешіміне сәйкес, Асқар Қанафин 2019 жылдың 9 сәуірінен бастап Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесі төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті Гүлнәр Назханова атқарып келген болатын.
Асқар Ахилбекұлы Қанафин – 20 жылдан астам инвестициялық және басқарушылық тәжірибесі бар жоба және қоржын басқарушы.
Корпоративтік даму стратегиясын әзірлеу және енгізу, дағдарысқа қарсы менеджмент, барлық экономикалық цикл кезеңдерінде инвестициялық қоржынды басқару, активтерді сенімгерлікпен басқару моделін жүзеге асыру, басқару командаларын құру және қалыптастыруда кәсіби тәжірибеге ие.
«Amanat» СК» АҚ (2013-2018), «АМЖЗ» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы, «Қазақстан Коммуналдық Жүйелері» АҚ, «Resmi» компаниялар тобы» АҚ, «RG Brands» АҚ және басқа бірқатар ұйымдарда Директорлар кеңесі мүшесі қызметін атқарған.
«Ordabasy компаниялар тобы», «Resmi» компаниялар тобы, «Societe Generale Kazakhstan» банкі секілді компаниялардың атқарушы құрылымдарында басшы ретінде жұмыс тәжірибесі бар.
Анықтамалық ақпарат:
«Amanat» СК» АҚ – Қазақстанның барлық ірі қалаларында қызметін ұсынатын әмбебап сақтандырушы. Компания ерікті автосақтандыру, жүк, мүлік сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыруы бойынша үздік 10 ұйымның қатарына кіреді.
ҚР Ұлттық банкінің 01.03.19 жылғы деректеріне сәйкес, «Amanat» СК» АҚ жалпы сақтандыру нарығында (non-life) таза сақтандыру сыйақысы көлемі бойынша 7-орында: 2019 жылы жиналған таза сыйақы көлемі 1,180 млрд теңгені құраған. Аталған статистикаға сәйкес, көлік құралдары иегерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша «Amanat» СК» АҚ 8-орында, нарықтағы үлесі – 5%. Ал ерікті автосақтандыру бойынша компания 4-орында тұр, нарықтағы үлесі 7%-ды құрайды.
Компания активтері 9,238 млрд теңге, жеке капиталы – 4,163 млрд теңге, жарғылық капиталы – 1,930 млрд теңге.
Байланыс мәліметтері:
PR-маман
Дінмұхамед Зиядин
+7 707 490 17 67, d.ziyadin@a-i.kz, www.amanat24.kz
Мен, дербес деректер субъектісі (бұдан әрі - Пайдаланушы), «Дербес
деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы
21 мамырдағы № 94-V Заңының 8, 10-бабының талаптарына сәйкес, «Amanat»
сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Жеке деректер
операторы) өзімнің жеке мәліметтерімді еркін түрде, өз қалауым бойынша
және өз мүддем үшін сақтандыру қызметтерін алу мақсатында жинауға және
өңдеуге келісімімді беремін.
Жинауға және өңдеуге менің келісімім берілетін жеке деректерге келесілер жатады:
- тегі
- аты
- әкесінің аты
- ЖСН
- туған күні
- байланыс ақпараты: ұялы байланыс абоненттік нөмірі, электрондық пошта адресі, тұрғылықты жердің қаласы және аймағы.
Менің
жеке деректеріммен келесі іс-шаралар атқарылатыны туралы ескертілдім:
жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), өндіру
(оның ішінде Пайдаланушының Дербес деректер операторынан сақтандыру
қызметтеріне байланысты ақпаратты алу үшін), пайдалану, тарату (ұсыну,
рұқсат беру), иесiздендiру, бұғаттау, жою, дербес деректерді аралас
өңдеу арқылы жою.
Мен жеке деректерді өңдеумен келіспеген жағдайда, қызметтердің толық көлемде маған берілуі мүмкін емес екенін білемін.
Сондай-ақ,
қызметті алу үшін өтінішті тек өз атымнан ұсынуымның және
қолданыстағы ұялы телефон нөмірімді және / немесе электрондық пошта
адресімді қамтамасыз етуімнің қажеттігі туралы ескертілдім.
Жеке деректер операторы автоматтандыру құралдарын пайдаланып жеке деректерімді өңдеуге құқылы.
Келісім
дербес деректерді өңдеуді тоқтату туралы талаппен Жеке деректер
операторына жазбаша хабарламаны жолдау арқылы кері қайтарылып алынуы
мүмкін.
Осы Келісім мәтіннің астында орналасқан «Мен пайдаланушы
келісімінің шарттарын оқыдым, олармен келісемін» Веб-интерфейсінің
басқару элементін Пайдаланушы басып, олардың шарттарына келісімін
білдіруі арқылы күшіне енеді.