7310 — ұялы телефоннан
KZ
7310
03.09.2018
Amanat СК Яндекс.Таксидің сақтандыру бағдарламасы серіктестерінің бірі болды

​Amanat сақтандыру компаниясы және Яндекс.Такси онлайн такси шақыру қызметі ынтымақтастық бастағанын жариялады.

Яндекс.Такси жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру жеке бағдарламасын іске қосты. Сақтандыру аталған сервис арқылы жасалатын барлық сапарларға автоматты түрде тарайды. Amanat СК бағдарлама серіктестерінің бірі болып, Яндекс.Такси сапарларының бір бөлігін сақтандырады. Жолаушылар мен жүргізушілер әр қайсысы 2,5 млн. теңгеге дейінгі сомаға сақтандырылатын болады. Сақтандыру қызметін енгізу жолаушылар үшін такси қызметі құнына ықпал етпейді, ол бұрыңғы деңгейінде қалады.

Заңда агрегаторларға серіктес жүргізушілер мен олардың жолаушыларын сақтандыру бойынша талап қойылмаған, бірақ Яндекс.Такси өз тарапынан бастама білдіріп, қызметті ерікті түрде енгізді.

Жоғарғы деңгейлі сервисі арқасында белгілі Amanat сақтандыру компаниясы осы идеяны қолдап, бағдарлама серіктестерінің бірі болды. Amanat Қазақстанда қызмет жасайтын басқа да агрегаторларды Яндекс.Таксиден үлгі алып, жолаушылар мен жүргізушілерді сақтандыруды енгізуге шақырады.

«Біздің осы бастамаға қызыққанымыздың себебі - біз Яндекс.Таксидің жолаушылар мен жүргізушілерге деген қамқорлығын көрдік. Бизнестегі мұндай көзқарас өзімізге де жақын әрі тән. Біз де Клиенттерімізге тек сақтандыру өнімдерін ғана ұсынбай, қамқорлық пен қосымша тегін қызметтер көрсетеміз. Автосақтандыру қызметін бізден сатып алған кез келген тұтынушы бонус ретінде тегін тәулік бойғы техникалық көмек қызметін (аккумулятор отырып қалған жағдайда қозғалтқышты оталдыру, жолда жанармай бітіп қалған жағдайда оны құйып беру, дөңгелекті үрлеу және қосалқысына ауыстырып беру) және жәй механикалық ақаулық жағдайында эвакуатор қызметін алады, - дейді Ерғали Бегімбетов, Amanat СК Басқарма Төрағасы, - Яндекс.Таксидің жеке сақтандыру бағдарламасының пайда болуы қызметті қолданатын қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтандыруға қатысты мүдделерін қорғауды едәуір арттырады деп үміттеніміз».

Толығырақ
15.07.2019
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік бері Қоры" АҚ бұдан әрі төмендегілер туралы хабарлайды.
Сәлем" сақтандыру компаниясы"АҚ кредиторларына арналған хабарландыру жариялау туралы
Толығырақ білу
18.06.2019
Қазақстанда велосипед және самокат иелеріне арналған сақтандыру іске қосылды
Жаңа өнім сақтандыру полисін сатып алған адамның үшінші тарап алдындағы жауапкершілігін де, сондай-ақ оның денсаулығына келуі мүмкін залал шығындарын да қамтиды.
Толығырақ білу
11.04.2019
Асқар Қанафин «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ ұйымның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Толығырақ білу
сақтандыру жағдайы?
Ұялы телефоннан 7310