7310 — ұялы телефоннан
KZ
7310
05.07.2018
Fitch «Amanat» СК рейтингін «В» деңгейінде бекітті, «Тұрақты» болжам.

Fitch Ratings «Amanat» СК» АҚ қаржылық тұрақтылық рейтингінің «В» деңгейін, ұлттық ҚТР «ВВ+(kaz)» растады. Рейтингтер бойынша болжам - «Тұрақты».

РЕЙТИНГТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Рейтингтер Amanat әлсіз бизнес профилін көрсетеді, жаңа оңай емес бизнес-стратегияны сәтті жүзеге асыру жолындағы белгісіздікті және компанияның салым портфелінің әлсіз, бірақ дамып жатқан несиелік сапасын көрсетеді. Рейтингтер тәуекелдері түзетілген компанияның жақсарған капиталдандыруын және орташа қаржылық көрсеткіштерді ескереді.

Рейтингтер Amanat әлсіз бизнес-профилін, жаңа күрделі іскерлік стратегияны табысты іске асыруға қатысты белгісіздік пен әлсіздігін, бірақ компанияның жетілдірілген инвестициялық портфелінің несиелік сапасын көрсетеді.

Рейтингтер компания капиталдандыруының жетілдірілгенін, тәуекелдердің түзетілгендігін және орташа қаржылық көрсеткіштерді ескереді.

2017 ж. қазан айында Amanat тәуекелдері толығымен қайта сақтандырылған мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың бөлек ірі шарттарын жасауды тоқтатты. Бұл шарттар аз табыс әкеліп, Amanat есептерінде құбылмалылықты көрсетті. Сонымен қатар, 2018 ж. сәуірде Amanat акфизиция шығындарының қысқаруына бағытталған жаңа стратегияны жарыққа шығарды.

Fitch стратегиядағы осы өзгерістерді компанияның ұзақ мерзімге дамуындағы несиеге қабілеттігінің жағымды факторы ретінде қарастырады.

Fitch «Призма» факторлы моделін пайдаланумен өлшенетін тәуекелді түзетумен Amanat капиталдандыруы 2017 ж. нәтижелеріне сәйкес, «мықты» деңгейіне дейін күшейді ол 2016 ж. салыстырғанда биігірек. 2017 ж. нетто-сыйақының 13 % төмендеуі және бизнес көлемінің нетто-негізде қысқаруы оңтайланудың, оның нәтижесінде негізгі капиталдың төмендеуіне себеп болды. Сондай-ақ, қолжетімді капитал 2017 ж. жарнаны екі мәрте енгізуге негізделіп, өсті. Формула негізінде есептелген төлемге қабілеттіліктің реттеуші маржасы Solvency-I формуласымен бірдей, 2017 ж. аяғына қарасты 174 % тең жоғарғы деңгейде орналасқан.

Агенттіктің ойлауынша, Amanat қаржылық көрсеткіштері бірқалыпты. Есепке сәйкес, Amanat табысы 2017 жылы 197 млн. теңгені құрады, ол 2016 жылғы 154 млн. теңгемен салыстырғанда кішкене жоғары, капиталдың табыстылығы (ROE) сол мерзімде 5,3 % пайыздан 4,7 % пайызға төмендеді. Таза оң нәтиженің себебі - 576 млн. теңге көлеміндегі жоғарырақ инвестициялық табыс, ол өткен жылдағы 491 млн. теңге көлеміндегі ұқсас көрсеткіштен кішкене жоғарырақ. Инвестиция табысы 10,7 % пайыздан 10 % пайызға нарық табысы төмендегеннен кейін кішкене азайды.

Қосымша ақпарат www.fitchratings.com сайтында көрсетілген.


Анықтама:

«Amanat» СК» АҚ - Қазақстанның барлық ірі қалаларында ұсынылған әмбебап сақтандырушы. Компания автокөлікті, жүктерді, мүлікті, азаматтық - құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру бойынша ТОП 10 кіреді.

ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 01.06.2018 ж. қарасты, «Amanat» СК» АҚ жалпы сақтандыру нарығында (non-life) жиынтық сақтандыру сыйлықақысы көлемі бойынша 11-шы орынға ие болды, жиынтық сыйлықақысы көлемі 1,910 млрд. теңгені құрайды. Компания активтері 8,410 млрд. теңге, меншікті капитал – 4,154 млрд. теңге, жарғылық капитал – 1,930 млрд. теңге.


Байланыс:

«Amanat» Сақтандыру компаниясы

Маркетинг және PR бөлімінің бастығы

Олеся Гордиенко

+7 727 244 33 44, вн. 2233,

o.gordienko@a-i.kz,

www.a-i.kz

Толығырақ
15.07.2019
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік бері Қоры" АҚ бұдан әрі төмендегілер туралы хабарлайды.
Сәлем" сақтандыру компаниясы"АҚ кредиторларына арналған хабарландыру жариялау туралы
Толығырақ білу
18.06.2019
Қазақстанда велосипед және самокат иелеріне арналған сақтандыру іске қосылды
Жаңа өнім сақтандыру полисін сатып алған адамның үшінші тарап алдындағы жауапкершілігін де, сондай-ақ оның денсаулығына келуі мүмкін залал шығындарын да қамтиды.
Толығырақ білу
11.04.2019
Асқар Қанафин «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ ұйымның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Толығырақ білу
сақтандыру жағдайы?
Ұялы телефоннан 7310